Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХVІІІ Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: 1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау; 2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету; 3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: - бірінші (өңірлік); - екінші (іріктеу); - үшініші (республикалық). Президенттік олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 6 қазанында сағат 10.00-де өткізіледі.
